«Оқуға құштар мектеп»
«Бала және мәдениет» жобасы аясында С.Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» балалар байқауының аудандық сайысына қатысқан 10 «А» сынып оқушыларынан құралған тобымыз «Киіз үйді қорғау» тақырыбында өз өнерлерін жақсы қырынан көрсетіп, Мақтау қағазымен марапатталды.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген зейінін ашу, телефонға тәуелділіктен сақтап,рухани байлық пен ұлттық құндылыққа баулу; Оқырмандар ортасын құру, кітапты оқып қана қоймай, ойға түйіп, санаға салып саралай білуге дағдыландыру; Сөздік қоры мол, жан дүниесі бай, өнегелі ұрпақ қалыптастыру;
Өнерлі шәкірттерді дайындаған мектеп кітапханашысы А.Пердебекова мен сынып жетекшісі А.Қолдасова қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды айта отырып,өнерлі өрендерімізге алар асуларың көп болсын дейміз!