Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - де қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен театрландырылған сахналық қойылым өтілді.Ұымдастырушылары:үйірме және театр жетекшісі Қ.Құлжабаева мен мектеп кітапханашылары А.Пердебекова, З.Шулгаубаева.
«Абай дана, Абай дара» театрландырылған сахналық қойылымның мақсаты:  ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттай отырып,оқушылардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру; Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Ұлылықтың сырына сусындағысы келген, даралықтың қандай болатынын ұғынғысы келген талантты да талапты шәкірттеріміз, дана Абай әлемінің қасиетті қара сөздерінің мағынасын ашып,өлмейтін өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, «бала - Абайдан, дана - Абайға» дейінге жүріп өткен өмір жолынан қойылым көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Абай армандаған «толық адам» бейнесі талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, имандылық тұнған шәкірттерімізден шығатынына кәміл сенеміз, сенім артамыз!
Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар!