"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары Ш.Ильясова мен кәсіптік бағдар беруші педагог Ж.Спакешованың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушыларының танымдық қабілетін арттыру мақсатында мектеп ішінде кітапханаға, асханаға, мейірбике кабинетіне экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту,
мейірбике, аспазшы, кітапханашы маман иелерінің кәсібімен таныстыру.