"Пиротехника" профилактикалық іс - шарасы
2025 жылғы 17 желтоқсанда Түркістан облысы, Арыс қаласы, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ - де 9, 10 және 11 сынып оқушыларына арналған іс - шара ұйымдастырылды. Арыс АПБ ҚҚБ ҚАБжТҚП аға лейтенанты Мәмәдәлі Ерболат Еркінбайұлы және Арыс қалалық полиция бөлімінің ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Таттыбеков Жақсылық Жалғасбекұлы жаңа жыл мерекесіне орай оқушыларға "Пиротехника" тақырыбында жедел профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Іс - шара барысында оқушыларға:
Адамға жарақат келтіруі мүмкін суық және қауіпті заттарды қолданбау және сатып алмау;
Түнгі уақытта жалғыз немесе қауіпті жерлерде жүрмеу;
Үйде, көшеде қауіпті отырыстар ұйымдастырмау;
Кафе мен ресторандарға заңсыз кіруден аулақ болу;
Спирттік ішімдіктерді қолданбау қажеттілігі туралы толық түсіндірілді.
Мақсат - оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы мерекені қауіпсіз және көңілді өткізуге үйрету.
Барлық ата - аналар мен оқушыларға мерекелік уақытта сақтық шараларын ұстануды ұсынамыз!
#Арыс #Қауіпсіздік #Пиротехника #Полиция #ЖаңаЖыл #Профилактика
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы