Арыс қалалық білім бөлімне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ - сінде кәмелетке толмағандар арасындағы өз - өзіне қол жұмсау жағдайының алдын алдын алу іс - шарасы өткізілді.
Мектепте педагог - психолог Г. Конусбаева оқушыларға "Сенім - ең мықты терапия" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушыларға сенімділік өзін - өзі бағалау, өз күшіне сену, еркін ой айту.
Неге сенім ең мықты терапия?
• Сенім болған жерде қорқыныш азаяды.
• Жүрек тынышталады, адам өзін қауіпсіз сезінеді.
• Өзіне сенім - күш береді, қиындықты еңсеруге көмектеседі.
• Басқаға сенім - қарым-қатынасты нығайтады, жалғыздықтан сақтайды.
• Жаратушыға сенім - рухани тірек, өмірге мән береді.
Яғни, сенім адамның жан дүниесін емдейтін ең табиғи әрі қуатты терапия екенін айтып түсіндірді.