Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс жалпы білім беретін мектебінде 16.03.2026ж 8 "В" сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариға оқушылармен
«Шаңырақ күні – жалпыұлттық отбасылық құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Бүгін оқушыларға отбасының маңызы мен құндылықтарын түсіндіру мақсатында «Шаңырақ күні – жалпыұлттық отбасылық құндылықтар» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі ерекше орны, ата-анаға құрмет, бауырмалдық пен сыйластық туралы өз ойларын ортаға салды. 
Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыстар орындап, «Отбасындағы сыйластық», «Ата-анаға құрмет», «Бауырмалдық» тақырыптарында постер қорғады. Сонымен қатар мақал-мәтелдерді жалғастырып, өз отбасылары туралы әңгімелеп, жылы лебіздерін білдірді. 
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отбасыға деген сүйіспеншілікті арттыру және ата-анаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Әр шаңырақта береке мен бірлік орнасын!