Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

17 наурыз – Шаңырақ күні
 2026жылы 17 наурыз күні, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де ерекше жылулық пен сыйластыққа толы әсерлі күн өтті. Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күні» мерекесіне орай 8 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Артықбай Роза Дастанқызы Арыс қаласындағы "Шарапат" жәми мешітіне барып,тазалау жұмысын жүргізді. Оқушыларға мешіт тазалау тек іс шара емес,тәрбие мен имандылықтың,суйіспеншілік пен береке,бірліктің көрінісі екені түсіндірілді.
 Бұл сәттер мектептің үлкен бір отбасы екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.
 Бұл күннің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, мектеп атты үлкен шаңырақтың бірлігі мен берекесін арттыру. Мешіт Ұстазының берген батасы мен ризашылығы – оқушылар үшін ең үлкен марапат болды. Осындай мейірімге толы сәттер мектебіміздің ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайта түседі.
 Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы әрбір игі іс жүректерге жылулық сыйлай берсін!
#oqu_agartu_ministrligi
#АрысЖББМ
#Арысқаласы
#НаурызМерекесі
#ЖылБасы