#ұстаздыңбіркүні
#Ұстаз Live
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекесінің информатика пәні мұғалімі Нұрсейіт Лаура.
Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, оған бағыт - бағдар беруші. Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бала жанының бағбаны ұстаз атану - қиынның қиыны! Бірақ, осыған қарамастан өз өмірінен шәкіртінің өмірін жоғары қоя білетін, біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген асыл жандар да жетерлік. Біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген мұғалімдерсіз мемлекеттің жарқын болашағын елестету қиын. Ұстаз болу - жүректің таңдауы, жанның қалауы. Бұл іс асқан жанкештілік, зор шыдамдылық пен балаларға деген махаббатты талап етеді.