Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ұстазға мың алғыс!
  Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің Мұғалімдер күнін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің ұстаздары ұстаз еңбегін ұлықтауға бағытталған іс - шара ұйымдастырды. Мақсаты қоғамдағы беделін арттыру, ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру және ұстаздарға алғыс білдіру. Іс - шара барысында  Арыс қаласындағы №1, №2, №3 бағыттағы жолаушылар көлігіне "Ұстазға мың алғыс!"  баннерлерін орналастырып,  жолаушылармен алғашқы ұстаздары туралы сұрақ - жауап жүргізді. Ұстаздарға гүл сыйлап, жолаушылармен бірге ұстаз туралы ән шырқады,  сондай - ақ, жолаушылар ұстаздарға  деген жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, аялдамаларға «Ұстазға мың алғыс!» атты  жазуы бар баннерлер ілінді.
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие