Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс жалпы білім беретін мектебінде 6.10.2025ж 8 «В» сыныбында ерекше мазмұнды және тәрбиелік мәні жоғары «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем!» атты сынып сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты – ұстаз еңбегінің қадірін түсіндіру, оқушылар бойында ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімін қалыптастыру болды. 
Оқушылар өз ұстаздарына арнап жылы лебіздерін білдіріп, өлеңдер оқып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. 
«Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын тұлға» деген ой әр оқушының жүрегінде терең ұялады.
Сонымен қатар, сабақ аясында Жол жүру ережелері бойынша «Жол-көлік оқиғаларының себептері» атты қауіпсіздік сабағы және «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. Егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Оқушылар кибербуллингтен қорғанудың жолдарын, интернет кеңістігінде қауіпсіз болу ережелерін талқылады.
Бүгінгі сабақ оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік және зейінді болуға тәрбиелейтін тағылымды кездесу болды. 
Апта дәйексөзі:
"Тәуелсіз елдің ертеңі – білімді ұрпақ қолында"
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие
#МұғалімКүні2025, 
#МұғалімімеМыңАлғыс