Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының "Білім бөлім"і мемлекеттік мекемесі "Арыс жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.01 2026 ж.күні 7 "Ә"сыныбының жетекшісі Г.Сыранованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Мақсаты:
Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2025-2026 оқу жылында 10-қаңтар күні 7 "Б" сынып жетекшісі Сахыбек Нұрдиас "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында сынып сағатын өтті. 
Мақсаты: • “Сыбайлас-жемқорлықсыз болашақ” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Балалар қысқаша ой бөлісіп, топтық жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді.

"Арыс жалпы білім беретін мектеп"КММ.
Қаңтар айының 12 күні Кучкарбекова Жанар 9 "А" сыныбымен тәрбие сағатын өтті. Сабақтың тақырыбы:"Біз жемқорлыққа қарсымыз".
Мақсаты:Оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын дамыту.
Мұғалім: Психологиялық ахуал қалыптастырды(қысқа ой қозғау сұрағы: «Адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?»).Сыныпта. Әр оқушының пікірі тыңдалып кері байланыс орнатты.Мұғалім сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке және жеке адамға тигізетін зияны туралы жәнеде
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар туралы мәліметтер айтып өтті.
Топтық тапсырма.
1-топ: «Жемқорлықтың себептері»
2-топ: «Жемқорлықтың салдары»
3-топ: *«Жемқорлықтың белгілері"Оқушылар топтарға бөлініп постер қорғап өз ойларын айтты. Қорыта айтқанда
 оқушылар сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсініп, адалдық пен әділдіктің маңызын ұғынады,және жемқорлыққа қарсы жеке көзқарасы қалыптасады.

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!»
Арыс ЖББМ 8 "В" сынып жетекішісі Сатымбекова Гулдариға 12.01.2026ж сынып сағатын өтті.Тақырыбы: « Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның пайда болу себептері мен қоғамға тигізетін зиянын ұғындыру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Сабақ барысында:
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасы түсіндірілді;
ҚР заңдарына сәйкес жемқорлық үшін қарастырылған жауапкершіліктер айтылды;
«Жемқорлықтың зардабы» атты бейнематериал көрсетіліп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Тақырыбы: «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады».
Қауіпсіздік сабағында оқушылар:
Зиянсыз әзіл мен қауіпті ұсыныстың айырмашылығын білді;
Қауіпті жағдайлардың «қызыл жалаушаларымен» танысты;
Қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді;
Өз қауіпсіздігін қорғаудың маңызын түсінді.
Қорытынды:
Адалдық, заңға құрмет, жауапкершілік пен жеке қауіпсіздік – жарқын болашақтың кепілі. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.

Түркістан облысы, Білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының 13 қаңтар күні 6"А"сынып жетекшісі Ақын Айгүл
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік, адалдық, әділдік қасиеттерді сіңіруге ықпал ету. 
Сабақ барысында оқушылар адалдық, әділдік туралы өз ойларын жеткізе білді.
Адал бала қандай әрекеттен аулақ болу керек?-деген сұраққа өз пікірлерін айтты. 
Сонымен қатар, оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен де таныстырып өтті.

Түркістан облысы, Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының 14 қаңтар күні 8"А"сынып жетекшісі Рахматла Назерке
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік, адалдық, әділдік қасиеттерді сіңіруге ықпал ету. 
Сабақ барысында оқушылар адалдық, әділдік туралы өз ойларын жеткізе білді.
Адал бала қандай әрекеттен аулақ болу керек?-деген сұраққа өз пікірлерін айтты. 
Сонымен қатар, оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен де таныстырып өтті.