Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 15 желтоқсан күні 8 «В» сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариғаның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға Тәуелсіздік, бірлік пен ынтымақ ұғымдарының тарихи және заманауи маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, пікірталас пен зерттеу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар:
 «3 кілт сөз» әдісі арқылы Тәуелсіздік туралы ойларын білдірді;
 Қазақстан тарихындағы бірлік пен татулықтың рөлін талдады;
 Топтық жұмыс арқылы постер, инфографика және шағын презентациялар қорғады;
 «Бірлік болмаса қоғам қандай болады?» тақырыбында өз дәлелдерін ұсынды.
 Сонымен қатар қауіпсіздік сабағында
«Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі» тақырыбы қозғалды.
Оқушылар интернеттегі жеке деректерді қорғаудың маңызын түсініп, нақты өмірлік жағдайларды талдап, қауіптің алдын алу жолдарын ұсынды.
 Сабақ соңында «STOP & THINK» рефлексиясы арқылы оқушылар өз ойларын қорытындылады.
 Бұл тәрбие сағаты оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие
#Қауіпсізбалалықшақ

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылында 15 желтоқсан күні  1  "Ә" сынып жетекшісі Тузелова Меруерт "Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім!" тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: оқушыларды  Отанды  сүюге тәрбиелеуге, туған елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Желтоқсан басталуы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі 16 - желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасиетті күн еді .
Әнұран орындалды.
Елтаңба, Жалау, Әнұран, Рәміздер суреттерін бояп,толық мағұлмат беріп,суреттеді .
Сабақтың соңында оқушылар " Қазақстан" сөзіне мағлұмат берді. Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие
#Қауіпсізбалалықшақ

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылында 15 желтоқсан күні  1  "А" сынып жетекшісі Құдиярова Базаркул  "Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім!" тақырыбында сынып сағатын өтті.