Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"#педагогикалықшеберхана 
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 18 наурыз күні ДБОЖЖО Ш.Ильясованың ұйымдастыруымен 8- сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімдері Кучкарбекова Жанар мен Асқарбеков Турмахан "Тарих ата" олимпиядасына дайындық аясында өтетін интеллектуалдық ойын сабақ өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін тереңдету
Логикалық ойлау, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту
Олимпиадалық тапсырмаларға дайындау
Оқушылардың өз ойын нақты, дәлелді жеткізу қабілетін қалыптастыру
Топпен жұмыс істеу мәдениетін дамыту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3–5 минут)
Сәлемдесу
Оқушыларды топқа бөлу (2–3 топ)
Сайыс ережесімен таныстыру
Кіріспе бөлім (5 минут)
Сабақтың мақсатын түсіндіру
Олимпиада форматы туралы қысқаша айту
Негізгі бөлім (сайыс кезеңдері)
Сайыс 5 кезеңнен болды .
Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, сайыс тартысты өтті. Оқушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, жылдам әрі нақты жауап беруге тырысты. Әр кезең сайын қызығушылық артып, топтар арасында бәсекелестік күшейе түсті.
Қорытынды бөлімде барлық ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталды. Жеңіске жеткен топ марапатталып, белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдірілді.
Сабақ соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, сайыс түріндегі сабақтың қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті. Бұл сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олимпиадаға деген дайындықтарын нығайтады.