Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Арыс қаласы, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
22.11.2025 ж. күні мектебіміздің директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары өз қарамағындағы жұмысшылармен бірге оқу ордамыздың тазалығын сақтауға белсенді түрде атсалысып, дәстүрлі сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
Мектеп аумағы мен ғимаратының санитарлық талаптарға сай таза әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
Оқушыларға үлгі бола отырып, еңбек мәдениеті мен ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Ұжым ішінде жауапкершілік пен бірлік сезімін нығайту.
Міндеттері:
Мектептің ішкі және сыртқы аумағын тазалау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру;
Жұмысшылардың әр сенбі сайын жүргізілетін тазалық шараларына белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
Тазалық жұмыстарында қажетті құрал - жабдықтарды тиімді пайдалану;
Мектеп ортасын көркейту мен абаттандыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде қолдау.
Осындай игі бастамалар мектеп ұжымының ауызбіршілігін арттырып, оқу ортасының сапасын жақсартуға өз үлесін қосады.
#АрысҚаласы #ТүркістанОблысы #ТазалықСенбілігі #МектепӨмірі #ТазаОрта #БірлікЖәнеЕңбек
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы