“Таза Қазақстан” – жарқын болашаққа бастар жол!
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Сенбілік барысында аула тазаланып, қоқыстар жиналып, ағаш түптері әктеліп, жарамсыз ағаштарды кесіп, айнала ретке келтірілді. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы. Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі.
Осындай игі шараларға белсенді қатысып, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Бірге еңбек етейік, бірге көркейтейік!
Таза ел – жарқын болашақ кепілі!
#ТазаҚазақстан #Сенбілік #Тазалық #Экология #БіргеТазалайық