Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Тазалық - тәрбиенің бастауы
13.12.2025 ж. Түркістан облысы, Арыс қаласындағы "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналды  мемлекеттік мекемесінде дәстүрлі түрде сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Айтбаев Жұмабектің басшылық жасап, мектептің техникалық қызметкерлері мен жұмысшылары бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалау, қоқыстарды жинау, аумақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - мектеп ауласының санитарлық тазалығын сақтау, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, ұжым арасында бірлік пен жауапкершілікті арттыру, сондай - ақ қоршаған ортаны қорғауға деген мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Осындай сенбіліктер еңбекке деген құрметті арттырып, ортақ іске жұмыла кірісудің жарқын үлгісін көрсетеді. Тазалық - тәртіптің айнасы. Барша қатысушыларға белсенділік танытып, мектеп ауласының көркеюіне үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Таза Қазақстан