#педагогикалықшеберхана
Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналды мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың қаңтар айының 12-22 күндері аралығында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен “Орыс тілі мен ағылшын тілі - болашаққа жол“ тақырыбындағы онкүндік барысында 20 қаңтар күні ағылшын тілі пән мұғалімі Әшімбай Дана 3 ”А” сыныбында «Everyday activity» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты:
3.1.4.2 understand simple descriptions of people, actions, and objects with visual support;
3.2.3.1 respond to basic questions with single words or short responses;
Сабақ үй тапсырмасын “Миға шабуыл” әдісі арқылы бастады. Мұғалім топты 2топқа біріктірді. Өткен тақырыпқа байланысты ЖИ ді қолданып қысқа метражды мультфильм көрсетіліп, сол жердегі іс - әрекеттерді анықтап, жаңа тақырып ашылды. Жаңа сөздерді жаттап, жұптық жұмысқа “Сәйкестендіру” тапсырмасы орындалды. Жеке жұмысқа жаңадан өтілген тақырыптың қазақшасы берілді, әр оқушы сол сөздерді ауызша ағылшын тіліне аударып берді. Present Simple грамматикасы өтілді, грамматикаға байланысты балалармен
“Eduplay” қосымшасымен ойын ойнатылды. Топтық жұмысқа екі топқа тапсырма берілді,екі оқушы қорғап шықты. “Think pair share” ЖИ мен оқушылардан кері байланыс берілді.