#педагогикалықшеберхана
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2026 жылдың 16.03.26 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тілім менің – ғасырларға аманат» онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері:А.Донбаева мен О.Есқараева интелектуаллдық сайыс сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірлері»
Мақсаты: Оқушылар бойына ана тіліне деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш қасиеттерін сіңіру,сөздік қорын, сөз шеберлігін дамыту.
Сабақты наурыз айындағы дәйек сөзімен бастады." Тәуелсіздік және Отаншылдық"
1-топ "Қазақстан"
2-топ" Тәуелсіздік"
3-топ" Отан"
Мұғалім оқушыларға әділ-қазылармен таныстырды.Оқушылар сыныбын,өздерін таныстырды.Оқушылар топқа бірікті,топ мүшелері өз ұрандарымен сабақты бастады.
Сайыс 5 -кезеңнен тұрды.
1-кезең Таныстыру
2-кезең Сұрақ-жауап әдісі " Ізденімпаз"әдісі
3-кезең Мықты болсаң тауып көр."Сиқырлы қорапша "әдісі арқылы жұмбақтарды шешті
4-кезең Ойлан тап "Пазл" әдісі.Құрастырған суретке мақал-мәтелдер айтты.
5-кезең Шығармашылық тапсырма"Тапқыр болсаң талас жоқ"Ана тілі тақырыбында өлең немесе эссе жазды.
Топ мүшелері жазған өлеңмен эсселерін қорғады
Мұғалім:Тіл халықтың жаны.
Тілімізді құрметтеп,әрдайым таза сөйлейік деген нақыл сөзбен сабақты аяқтады.
Әділ қазылар топ мүшелерін мақтап,мадақтады.
1ші орын-Қазақстан тобы
2-ші орын- Тәуелсіздік тобы
3-ші орын- Отан тобына берілді
Сабақ мақсатына жетті.