#Қаупсіздіксабағы
Түркістан облысы, Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 5–11 сынып оқушылары арасында «Әуе қауіпсіздігі және заң жауапкершілігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі, оның адам өмірі мен әуе қозғалысына тигізетін зияны, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін заң алдында жауапкершілік бар екені туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын айтып, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндірді.
Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ,құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз орта құруға бағытталған.