Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ыстық тамақтың сапасын бақылау жөніндегі бракераж комиссиясы туралы мәлімет
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025-2026 оқу жылының 10 ақпан күні оқушыларды сапалы және қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында бракераж комиссиясы жұмыс атқарады. Комиссияның негізгі міндеті – асханадан дайындалған тағамдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға, бекітілген мәзірге және тағам дайындау технологиясына сәйкестігін бақылау.
Бракераж комиссиясының құрамы:
Мектеп директорының бұйрығымен бекітілген төраға; —Кушкарбеков Ералы Рахматуллаевич.
—Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Шәріпбеков Ербол. 
— Әлеуметтік педагог Шекеров Ерлан. 
—Медицина қызметкері (мейірбике);Қалымбетова Ғалия
—Асхана меңгерушісі;Жанбосынова Нұрайша 
Комиссияның негізгі міндеттері:
—Күнделікті дайындалатын ыстық тағамдардың сапасын тексеру;
—Тағамның дәмін, иісін, түсін, сыртқы көрінісін бағалау;
—Тағамның дайындалу температурасының сақталуын бақылау;
—Ас мәзірінің бекітілген нормаларға сәйкестігін қадағалау;
—Санитарлық талаптардың орындалуын тексеру.
Жұмыс тәртібі:
Бракераж комиссиясы күн сайын немесе белгіленген кестеге сәйкес асхана жұмысын бақылап, дайын тағамдардан сынама алып, бракераж журналына тиісті жазбалар енгізеді. Тексеру қорытындысы бойынша тағамды таратуға рұқсат беріледі немесе кемшіліктер анықталған жағдайда ескерту жасалады.
Қорытынды:
Бракераж комиссиясының жұмысы оқушылардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және мектеп асханасының жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.