Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 28 қаңтар күні 8 “Б”сынып жетекшісі Орынбасар Назерке Нұрланқызы «Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 21 қаңтарында 8 “Б”сынып жетекшісі Орынбасар Назерке Нұрланқызы «Заң бәрмізге ортақ» тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатының мақсаты - Заңды құрметтеуге, мемлекетшілдікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қағиданы ұстана отырып, оқушыларды әдептілікке, жауапкершілікке және қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстауға баулу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Заң және Тәртіп» тренингін өткізеді: «Егер заң болмаса, әлем қандай болар еді?» деген сұрақ тастайды.
Оқушыларға арнайы парақшалар (мысалы: «Құқық», «Міндет», «Заң», «Жауапкершілік» сөздері жазылған) тарату арқылы топтарға бөледі.
Тақтадан заңсыздық немесе тәртіпті бейнелейтін қысқаша слайд/сурет көрсетеді. «Бұл суреттерді не біріктіреді?» деп сұрайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Бағалау критерийлерімен бөліседі. Жағдаяттық тапсырмалар ұсыну: Мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін құқық бұзушылықтар жазылған үлестірмелі қағаздарды таратады. Мысалы: «Мектеп мүлкін әдейі бүлдіру», «Көшеде қоқыс тастау» немесе «Өзге адамның жеке затына рұқсатсыз тию». «Заңды тап» ойынын ұйымдастыру: Педагог белгілі бір құқықты (мысалы, білім алу құқығы) атайды және оған сәйкес келетін міндетті сұрайды. Терминдермен жұмыс: Тақтаға немесе экранға «Әкімшілік жауапкершілік», «Қылмыстық жауапкершілік», «Азаматтық құқық» деген ұғымдарды шығарып, олардың айырмашылығын қысқаша түсіндіреді. Талқылауды басқару: Оқушылар арасында «Заң бәріне бірдей ме?» деген тақырыпта шағын пікірталас (дебат) ұйымдастырады, әділ төреші рөлін атқарады.
Сабақ соңында «Түйінді сөз» әдісін жүргізу: Мұғалім сабақты қорытындылау үшін оқушыларға: «Заң дегеніміз - ...» де басталатын сөйлемді аяқтауды ұсынады. Қорытынды сөз сөйлеу: Сабақтың басты идеясын түйіндейді: «Заңды білу - заман талабы. Өз құқығын қорғай алатын, өзгенің құқығын таптамайтын азамат - елдің болашағы».