Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 28.01.2026 жылы 8 «А» сыныбында сынып жетекші Рахматла Назеркенің ұйымдастыруымен «Заңды білу - өз құқығыңды қорғау» тақырыбында тәрбие сағаты және «Күмәнді жағдайда салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты - Заңды құрметтеуге, мемлекетшілдікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қағиданы ұстана отырып, оқушыларды әдептілікке, жауапкершілікке және қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстауға баулу.
Сабақ барысында оқушылар құқық пен міндет ұғымдарын талдап, жағдаяттық тапсырмалар орындады, пікірталасқа қатысып, рөлдік ойындар арқылы заңды сақтаудың маңызын түсінді. Сонымен қатар күмәнді ұсыныстарға «ЖОҚ» деп айту, қауіпсіз мінез - құлық қалыптастыру бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Заңды білу - әр азаматтың міндеті, ал өз құқығын қорғау - әр адамның құқығы!