Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 28-29 қазан күндері 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімін тереңдету, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында пәндік олимпиада өткізу.
Бұл олимпиада дарынды және қабілетті оқушыларды анықтауға, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін шыңдауға, сондай-ақ білім бәсекесіне бейімдеу арқылы оқу мотивациясын көтеруге бағытталды. Әр пәннен жоғары балл жинаған оқушылар олимпиаданың келесі қалалық кезеңіне жолдама алды.