#жетістіктер
Жалпы пәндер республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтады
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ мектеп директоры Ералы Кушкарбеков 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы пәндер
республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын және оларды дайындаған пән мұғалімдерін қабылдады. Мектеп директоры оқушыларды құттықтап, алғысын білдіріп, марапаттарын табыстады. Облыстық кезеңіне өткен оқушыларға сәттілік тіледі. Әр марапат - табандылықтың, еңбектің және білімге деген құштарлықтың айқын нәтижесі, сенім мен талпыныстың жемісі. Оқушыларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел үмітін ақтайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз. Әрқашан алға ұмтылып, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!