Жасыл клуб жобасы Арыс қаласының Білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ Мектебімізде жасыл клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен "Табиғатты аяла" атты тазалақ күні өтті
*Мақсаты: оқушылардың табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру, тазалыққа баулу, балалардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша хабардар болуы, өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу. Іс - шара барысында мектептің тазалығына, күзгі жапырақтардан тазаруына аса мән берілді. "Жасыл клуб" жобасының мақсаты мен міндеттері, қызмет бағыты, олардың құқықтары мен міндеттері айтылды. Мектептің экологиялық "Жасыл клуб" жоспары таныстырылды.
*Табиғатты аялау - келешекке қалдырған ең үлкен аманат! Жоба жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Орынбасар Назерке Нұрланқызы