Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті Арыс қаласы білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде ДБОЖЖО Ш. Ильясованың ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты: Жас зерттеушілердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеттері:
• оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру; 
• танымдық белсенділігін дамыту; 
• шығармашылық ізденіске баулу; 
• ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыру; 
• бастауыш және орта буын оқушыларының ғылымға қызығушылығын арттыру; 
• дарынды оқушыларды анықтап, келесі кезеңдерге дайындау. 
Жобалар әртүрлі бағыттар бойынша қарастырылды. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, зерттеу мақсаттары мен нәтижелерін таныстырды.
Қазылар алқасы жұмыстарды төмендегі критерийлер бойынша бағалады:
• тақырыптың өзектілігі; 
• зерттеу жұмысының мазмұны; 
• шығармашылық деңгейі; 
• практикалық маңызы; 
• қорғау шеберлігі. 
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жұмыстар келесі қалалық кезеңге жолдама алды. 
Өткізілген конкурс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және ғылыми ізденіске қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.