Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

#жалпыатааналар жиналысы өтті.
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылының басталуына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. 
Жиналыста Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мақұлбекова Айдана Абайқызы және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің психологы А.Үсеннің қатысуымен, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстырып, оқушылардың тәртібі, оқу үлгерімі, мектеп ережелері, қауіпсіздік талаптары және мектеп формасы жайында ақпарат берді. Ішкі тәртіп ережелері, қауіпсіздік шаралары, құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және буллингтің алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. 
Сонымен қатар, ата-аналармен кері байланыс орнатылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Жиналыс өз мақсатына жетіп, ата-аналармен бірлесе жұмыс атқаруға келісілді.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#ата_аналар_жиналысы