Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Хабарлама Түркістан облысы, Арыс қаласы Арыс жалпы білім беретін мектепте Арыс қаласы білім бөлімінің №903 хатына сәйкес және Арыс қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына орай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында білім беру ұйымында төмендегі негізгі бағыттар бойынша ақпарат беріліп, түсіндіру шаралары ұйымдастырылды: Ж.Аңгелдин атындағы мектепте орын алған оқиғаға байланысты оқушылармен психологиялық қолдау жұмыстарын күшейту және тәрбие жұмыстарының жүйелілігін арттыру; Білім беру ұйымдарында «тәуекел тобындағы» балаларды дер кезінде анықтау және олармен психологиялық-педагогикалық жұмысты күшейту; «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау шараларын түсіндіру; Оқушылар арасында есепте тұрған жасөспірімдерге қатысты полиция органдарымен бірлескен жұмыстарды күшейту; Кәмелетке толмағандардың көлік құралдары мен электр самокаттарды пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Оқушылардың ұялы телефондарды пайдалануын қатаң бақылауға алу қажеттілігі туралы ескерту. Аталған бағыттар бойынша мектеп ұжымына нақты тапсырмалар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатыны айтылды. Барлық іс-шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда