Арыс жалпы білім беретін мектеп КММ-де 2025-2026 оқу жылының 04.05.2026 күні 10"Ә" сынып жетекшісі: Қолдасова Айгүл Ұласбекқызы "9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні" тақырыбында тәрбие сағатын өттіі. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін арттыру болды. Сабақ барысында оқушыларға 1941–1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы туралы кеңінен мәлімет берілді. Соғыс жылдарындағы халықтың батырлығы, майдандағы және тылдағы ерлік істері туралы айтылды. Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлердің ерлігі ерекше атап өтілді. Оқушылар Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқып, тарихи деректермен бөлісті. Сонымен қатар, соғыс ардагерлеріне деген құрмет пен тағзым көрсету қажеттігі түсіндірілді. Сабақ барысында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен елжандылық қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінді. Тәрбие сағаты соңында оқушылар бейбіт өмірдің қадірін түсініп, ел тыныштығын сақтаудың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Қорытынды: Бұл тәрбие сағаты оқушылардың тарихи білімін кеңейтіп, патриоттық бағытында маңызды рөл атқарды.