Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты Арыс ЖББМ 8 «В» сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариға Айдарқызы сынып оқушыларымен «9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне 81 жыл» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіру, батырлар ерлігін ұлықтау және жас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар: Қазақтың батырлары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров туралы постер қорғады «Интервью» әдісі арқылы соғыс ардагерінің рөліне еніп, әсерлі сұхбат құрды «Шындық па, жалған ба?» тапсырмасы арқылы білімдерін тексерді Патриоттық ән тыңдап, тарихи оқиғаларды жүрекпен сезінді Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар Жеңіс күніне арналған жылы лебіздерін білдіріп, бейбіт өмірдің қадірін түсінетіндерін көрсетті. ️ Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран! Біз батырлар ерлігін мәңгі ұмытпаймыз!