Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және өз ісіне адал болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар «Еңбек адамды қалай жетістікке жеткізеді?», «Адал еңбек дегеніміз не?», «Табысқа жетудің жолы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Еңбек пен жетістіктің, білім мен табандылықтың өзара байланысы туралы ой бөлісті.
Оқушылар әрбір жетістіктің артында маңдай термен жасалған еңбек, үздіксіз ізденіс пен табандылық жатқанын түсінді. Өз болашақтарына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін адал еңбек ету керектігін ұғынды.
«Еңбек – берекенің бастауы, адалдық – адамдықтың белгісі» деген қағиданы өмірлік ұстаным етуге шақырған тағылымды тәрбие сағаты оқушыларға жақсы ой, пайдалы бағыт берді.
#АдалЕңбек #ТабысқаБастарЖол #11Әсыныбы #ТәрбиеСағаты #Еңбек #Адалдық #Еңбексүйгіштік