Сүйінші облыстық "Алтын Сақа" олимпиадасының жеңімпазын құттықтаймыз! Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 "Ә" сынып оқушысы Жұмабай Айша республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі III орынға ие болды! Жетекшісі – Қуатбаева Назифа Құрметті Назифа, бұл – сіздің табанды еңбегіңіздің жемісі! Шәкіртіңіздің жетістігі құтты болсын! Еңбегіңіз жанып, алар асуларыңыз биік болсын! Айша, жарайсың! Сенің алдыңнан тек жеңістер мен жарқын болашақ күтіп тұр! Мектебіміздің мақтанышы! Жеңіс құтты болсын!