Түркістан облысы, «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Арыс АПБ Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мақұлбекова Айдана Абайқызы және Арыс қаласы әкімдігі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер бөлімі" ММ-нің ,"Отбасы қолдау орталығы"КММ-нің әлеуметтік қызметкері Бастар Дариға Мақсатқызының қатысуымен 9-11 сынып оқушылар арасында бопсалау фактілері орын алудың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жасалды.
Инспектордың өз сөзінде кейбір балалар әлсіз сыныптастарынан ақша талап етіп, бермесе ұрып-соғамын немесе сыныптастарының алдында әшкерелеймін деп қорқытатыны туралы ескертті. Сонымен қатар, оқушыларды жауапкершілікке және де бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.
