19.10.2026 жылы Арыс жалпы білім беретін мектебінде 9 «А» сыныбында
25 қазан – Республика күні
тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, отаншылдық сезімімізді нығайтатын ұлық мереке!
Отанымыз – Қазақстан!
Кең байтақ жеріміз, көк аспанымыз, желбіреген көк Туымыз – біздің мақтанышымыз. Туған еліміздің өркендеуі мен жарқын болашағы – әрбір азаматтың қолында.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз гүлденіп, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – жүрегім!
Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #25Қазан #РеспубликамМақтанышым #МеніңҚазақстаным #ОтанымҚазақстан