Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан Республика күніне орай ,2026 жылдың 20 қазан күні 2 -5 сынып оқушылары «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, бірлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда ант қабылдаған жас өрендер еліміздің абыройын асқақтатып, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін еңбек ететін тұлғалар болып өсетініне сенім білдіреміз.
Жас Ұландар мен Жас Қырандарға білім жолында табыс, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
#Адалазаматбіртұтастәрбие
#ЖасҰлан #ЖасҚыран #ОтанғаҚызмет #ПатриоттықТәрбие #МектепӨмірі #БолашақҰрпақ