Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты " Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 20 қазан күні 5 “Б” және 6 "Ә" сынып оқушыларына педагог-психолог Мақажанова Айкерім «Жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері» тақырыбында тренинг сабақ өтті.
Мақсаты:5–6 сынып оқушыларына жасөспірім кезеңінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіру, өз бойындағы өзгерістерді дұрыс қабылдауға үйрету. Оқушылардың өзін-өзі тану, эмоцияларын басқару, өзіне деген сенімділігін арттыру және құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту.