Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс жалпы білім беретін мектеп КММ-де

20.10.2026 ж күні 11"Ә"

сынып жетекшісі: Қолдасова Айгүл Ұласбекқызы

«Қазақстан – ортақ Отанымыз, ортақ мақтанышымыз» тақырыбында Республика күніне арналған тәрбие сағаты өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы аясында «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» тақырыбы талқыланды. Оқушылар шынайы достықтың мәні, сенім мен адалдықтың маңызы туралы ой бөлісіп, нағыз достың бойында болатын қасиеттерді саралады.

Отанды сүю – отбасынан басталады! Өз елін құрметтейтін, достықты бағалайтын, жауапкершілігі мол ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!

#РеспубликаКүні #ҚазақстанОртақОтанымыз #11Әсыныбы #ТәрбиеСағаты #ШынайыДостық #АрысМектебі