"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
20.10.2026 жыл
11 «Ә» сыныбында
сынып жетекші Қолдасова Айгүл Ұласбекқызы тәрбие сағатын өткізді.
Тақырыбы: "ДосболLIKE"
«Өзіме де, өзгеге де жауаптымын!» жобасы аясында «Ересек өмірге қадам»
Сабақтың негізгі мақсаты: оқушылардың бойында жауапкершілік қасиетін қалыптастыру, өз іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарауға, саналы шешім қабылдауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар түрлі талқылауларға қатысып, жауапкершілік, еркіндік, сенімділік, қамқорлық және дербестік ұғымдарының маңызын түсінді. Өз ойларын ортаға салып, ересек өмірге қадам басуда әрбір шешімнің өзіндік жауапкершілігі бар екенін ұғынды.
Жауапкершілік – саналы өмірдің бастауы, ал бүгінгі дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі!