Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ІС ШАРАЛАРЫ

Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 22 қазан күні “Обьект басшылары мен персоналдың қауіпсіздік дағдыларына бейімдеу” мақсатында терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығу іс шарасы өткізілді.

Іс шараға Арыс ЖББМ директоры Е.Кушкарбеков және мектеп әкімшілігі, АӘжТД пәнінің мұғалімі Р.Артықбай қатысып, оқушыларға,ұстаздарға,кіші қызметкерлерге персоналды эвакуациялау,алғашқы көмек көрсету, адам шығынын болдырмаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар терроризм мен экстремизмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған профилактикалық іс-шара білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру аясында жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Білім алушылардың қауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру, терроризмнің қоғамға тигізетін зардаптарын түсіндіру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау, сақтық шараларын сақтау және жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

БӘД пәнінің жетекшісі Р.Артықбай білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне терроризмнің алдын алудың маңыздылығы, күдікті заттар мен қауіпті жағдайларды анықтау, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері және тиісті жауапты тұлғаларға дер кезінде хабарлау тәртібі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында:

Терроризм мен экстремизмнің қоғам қауіпсіздігіне төндіретін қатері түсіндірілді.

Мектеп аумағында және қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі айтылды.

Күдікті заттарды байқаған жағдайда оларға жақындамау, ұстамау және дереу жауапты мамандарға хабарлау тәртібі түсіндірілді.

Төтенше жағдай кезінде сабырлылық сақтап, мұғалімдер мен жауапты қызметкерлердің нұсқауларын орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Оқушылардың қырағылық, тәртіптілік, азаматтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚАУІПСІЗДІК – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Мұндай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік ережелерін саналы түрде сақтауға, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге және кез келген жағдайда дұрыс әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІЗДІҢ БАСТЫ