27.10.2026 жылы "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков және ДОЖЖО М.Асирова олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиада барысында оқушылар өз білімдері мен біліктерін көрсетіп, тапсырмаларды орындау арқылы өз мүмкіндіктерін сынады.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, келесі қалалық кезеңге қатысуға үміткерлер іріктелді.