Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты”Арыс жалпы білім беретін мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 оқу жылында 29 қазан күні 8-10 сыныптар арасында «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ» тақырыбында эссе жұмысы алынды.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында тәуелсіздік құндылығын қастерлеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру; әділдік, адалдық және жауапкершілік қасиеттерін дәріптеу. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ел болашағына бейжай қарамайтын, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, баға жетпес байлығымыз. Тәуелсіз елдің ұрпағы болу – үлкен мақтаныш әрі зор жауапкершілік. Отанды сүю, туған жерді құрметтеу, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Әрбір жас ұрпақ бойына отаншылдықты, әділдікті, адалдық пен жауапкершілікті сіңіріп, елінің мақтанышына айналсын!