«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026 жылғы 7–16 қазан аралығында 7 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен Lesson Study зерттеу сабақтары жүргізілді.
Зерттеу тобы зерттеу алды тест жұмысының қорытындысы мен сауалнаманың нәтижесінің негізінде бірлесе отырып, зерттеу тақырыбы мен сұрағын анықтады. Сол бойынша сабақтардың алдында және кейін бірге сабақтарды және жоспарларды талқылады.
Барлық зерттеу сабақтарының барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілді үйрену және меңгеру дағдыларды қалыптастыру мақсатында тапсырмалар орындалды.
Сабақтар барысында «Көршіңмен бөліс», "Ойлан,жұптас,бөліс" тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Әр сабақтың соңында «3 сөйлем» әдісі арқылы кері байланыс алынып, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Зерттеу сабақтары оқушылардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастықта жұмыс істеуіне және өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.