"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ- де 06.09.2026 ж күні Тілдер мерекесіне орай "Қазақ тілі - бай, таза, іргелі жұрт тілі...." тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында Алаш қайраткерлерінің қазақ тілі туралы шығармаларын оқу челленджі өтті. Мақсаты: Алаш қайраткерлерінің қазақ тілінің қадір-қасиеті, ұлттық болмысы мен болашағы туралы құнды ойларын таныстыру; оқушылардың ана тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухын қалыптастыру және көркем мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.