Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 2026-2027 оқу жылында 3 «Ә» сыныбында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып жетекші Олжатаева Айнұр сынып сағатын өтті.

Мақсаты:

Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз еңбегін және өзгелердің еңбегін бағалай білуге үйрету.

Міндеттері:

- оқушыларға еңбек пен берекенің өзара байланысын түсіндіру;

- еңбекке деген қызығушылығын арттыру;

- жауапкершілікпен тапсырма орындауға дағдыландыру;

- сынып тазалығын сақтауға, ортақ іске үлес қосуға тәрбиелеу;

- бір-біріне көмектесу, ұйымшылдық және өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыру.

Атқарылған жұмыс:

Тәрбие сағаты барысында оқушылар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Практикалық тапсырма ретінде «Сынып кітап бұрышын реттеу» міндетін орындап, кітаптарды реттеп орналастырды, кітап бұрышының тазалығы мен ұқыптылығына жауапкершілікпен қарады.

Қауіпсіздік сабағы:

«Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Балалар қауіпті жағдайлардың алдын алу, бейтаныс адамдардан сақ болу, қиын жағдайда үлкендерден көмек сұрау, мектепте, үйде және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мағлұмат алды.

Қорытынды:

Тәрбие сағаты барысында 3 «Ә» сынып оқушылары еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық және ұйымшылдықтың маңызын түсінді. «Сынып кітап бұрышын реттеу» арқылы оқушылар ортақ іске өз үлесін қосты. Қауіпсіздік сабағында өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың қарапайым ережелерімен танысты. Оқушылар еңбек ету, өз міндетін жауапкершілікпен орындау және қауіпсіздік талаптарын сақтау әр адамның маңызды міндеті екенін түсінді.