#Жазғы_сауықтыру_лагерь #
"Арыс жалпы білім беретін мектебінде" ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ өз жұмысын бастады!
2026 жылдың 28 мамырыдан мектеп жанынан жазғы лагерь ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Лагерьде тәжірибелі жетекшілер мен жауапты мамандар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың көңілді демалысын ұйымдастыру үшін арнайы жоспар негізінде түрлі іс-шаралар өткізуде.
Бүгін жазғы лагерьдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу барысында оқушылар ән айтып, би билеп, әсем тақпақтарын айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен белсенділігі мерекелік кештің сәнін арттырды.
Лагерь бағдарламасында:
Шығармашылық шеберлік сағаттары;
Спорттық жарыстар мен эстафеталар;
Интеллектуалды ойындар;
«Қауіпсіз жаз» тақырыбындағы танымдық сабақтар қарастырылған.
«Қауіпсіз жаз» бағдарламасы аясында балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, күнделікті өмірде сақтық шараларын сақтау жолдары үйретіледі.
Басты мақсатымыз — әр баланың жазғы демалысын көтеріңкі көңіл-күйге, қызықты оқиғаларға және жарқын әсерлерге толтыру!
Барша оқушыларға көңілді, қауіпсіз әрі есте қаларлық жазғы демалыс тілейміз!
#АдалАзамат_біртұтастәрбие #ЖазғыЛагерь2026 #МектепішілікЛагерь #ҚауіпсізЖаз #БалалардыңДемалысы #БақыттыБалалықШақ