Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының Білім бөлімі КММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2026 жылдың сәуір айында  айының  директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен  тарих пәнінің мұғалімі Асқарбеков   Тұрмахан   17.04.2026 жылы 5 "Б" сыныбында "Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі" тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Сабақ барысында пән мұғалімі оқушылармен психологиялық ахуал орнатып, 3 топқа біріктірді. 
1 - топ Бесоба 
 2 - топ Сынтас 
3 - топ Аралтөбе.   
Үй тапсырмасы "Серпілген сауал" әдісі арқылы жүргізілді. Ой қозғау мақсатында  видеоролик көрсетіліп  картамен оқушылардың ойымен ұштастыра отырып, жаңа тақырыпқа өтті. Жаңа тақырып" Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі" 
Мақсаты: 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.2.3 –ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;  
Топтық тапсырма «Конверт сұрақ» әдісі арқылы жүргізілді. 
1-топ Сарматтар туралы деректер 
2-топ Сарматтардың қоғамдық құрылысы 
3-топ Сарматтардың археологиялық ескерткіштері сұрақтары берілді. 
 Жұптық тапсырмалар арнайы кеспе қағазы арқылы берілді.
Жеке жұмыс «Венн диаграммасы» әдісі арқылы берілді.
Жаңа сабақты пысықтау топ басшылары  арқылы жүзеге асты. Оқушылар сабаққа белсене атсалысып отырды соған орай ауызша және арнайы дайындалған "Бағалу кестесі" арқылы бағаланып отырды. Кері байланыс "Бағдаршам"әдісі  сабақты түсіндім, сабақты түсінбедім, сабаққа сұрағым бар  туралы өз ойларын жазып берді. Оқушыларды сабақ барысында мұғалім жеке - жеке де ауызша бағалап отырды. Өзі қысқаша қорытындылап, үйге тапсырма берілді.