2026 жылғы 10 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасын іске асыру мақсатында мектеп аумағында «Мектеп ауласын таза ұстаймыз!» ұранымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында мектеп ауласының тазалығы мен көріктендірілуіне ерекше көңіл бөлініп, аумақты қоқыстан тазарту, жиналған қалдықтарды шығару, айналаны ретке келтіру және тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылды.