«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
2025 жылдың 28 ақпан күні "Азаматтық қорғаныс - халық қауіпсіздігінің кепілі" ұранымен ақпараттык насихаттау іс шарасын өткізу мақсатында 8 "А" сынып жетекшісі Кучкарбекова Жанар төтенше жағдайларға байланысты қауіпсіздік тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі, су тасқыны секілді төтенше жағдайлар туралы оқушыларға мағлұмат беру, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру. Оқушыларға қауіпсіздік жайлы слайд көрсетіліп, оқытушының қауіпсіздікке байланысты сұрақтарына жауап беріп өз ойларымен бөлісті.
