Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" 
2025 жылдың 10 қыркүйек күні "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Бақытты отбасы" отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында "Бақытты - отбасы " атты шара өткізілді. 
Іс-шараға Арыс АПБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы аға лейтенанты: Мақұлбекова Айдана. Арыс қалалық “Жастар ресурстық орталығы”Үсенова Ақбота. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Исаев. Мектеп педагог-психологы Г. Конусбаева әлеуметтік педагог Е. Шекеров қатысты.
Шара барысында мамандар отбасыдағы сыйластық, өзара түсіністік, зорлық- зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады. Педагог-психолог Г. Конусбаева Ата-аналарға отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдарын түсіндіріп, өзара сенімділіктің маңыздылығына тоқталды. 
Сонымен қатар, ата-аналарға отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бейнебаян көрсетіліп, топтық тренингтер ұйымдастырылды. 
Іс - шара барысында ата-аналар өз ой - пікірлерін ортада айтты. 
Шара соңында қатысушылар іс-шаралар маңыздылығын атап өтіп, отбасы - әр адамның өміріндегі басты тірек, махаббат пен жылулықтың мекені екендігі екендігін өскелең ұрпақ, біздің болашағымыз екендігін түйін жасалды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Қ. Исаев "Баланың басты ұстазы ата-ана" атты баяндама жасады.
Әлеуметтік педагог:Е. Шекаров "Зорлық - зомбылық тың алдын алу" бойынша түсіндірді.