Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Бақытты отбасы" 
2025 жылдың 10 қыркүйек күні "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 - 11 сынып оқушыларына, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында "Бақытты - отбасы " атты республикалық акциясы өткізілді. 
Іс - шараға Арыс АПБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы аға лейтенанты: Мақұлбекова Айдана. Арыс қалалық “Жастар ресурстық орталығы”Үсенова Ақбота. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Исаев .Мектеп педагог - психологы Г. Конусбаева әлеуметтік педагог Е. Шекеров қатысты.
Шара барысында мамандар отбасыдағы сыйластық, өзара түсіністік, зорлық - зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасап, оқушылармен ашық әңгіме жүргізді. Педагог-психолог Г. Конусбаева:Жасөспірімдерге отбасы мүшелерімен дұрыс қарым - қатынас орнату жолдарын түсіндіріп, өзара сенімділіктің маңыздылығына тоқталды. 
Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, оқушыларға отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бейнебаян көрсетіліп, топтық тренингтер ұйымдастырылды. 
Іс - шара барысында оқушылар өз ой - пікірлерін ашық айтты. 
Шара соңында қатысушылар іс - шаралар маңыздылығын атап өтіп, отбасы - әр адамның өміріндегі басты тірек, махаббат пен жылулықтың мекені екендігі жайлы түйін жасалды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Исаев оқушыларға отбасы құндылықтарын айтып өтті.